18.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Түркістан облысындағы өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылды

|
Photo: ТЖМ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Түркістан облысындағы өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылды

|
Photo: ТЖМ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйде болған өрттің себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен құрылған комиссия құрамына Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Түркістан облысы әкімдігінің басшылығы енгізілді.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Әкімдікке өрт салдарынан қаза тапқандарды жерлеуді ұйымдастыруға жәрдемдесу тапсырылды. Тергеу қорытындысы бойынша қосымша шешімдер қабылданатын болады.

Комиссияның жұмысы ерекше бақылауда.

Айта кетейік, Түркістан облысы Жетісай ауданында жеке үй өртеніп, 12 адам қаза тапты. Президент өрттен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Өрт фактісі бойынша «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗