19.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Түркістан облысындағы өрт: қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетіледі

|
Photo: Түркістан облысы әкімдігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Түркістан облысындағы өрт: қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетіледі

|
Photo: Түркістан облысы әкімдігінен

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйде болған өртке байланысты қабылданып жатқан жедел шаралар туралы баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Вице-премьер кеше сағат 05.36-да Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында жеке тұрғын үйде өрт шыққанын айтты. Екі қабатты үй толығымен өртке оранып, шатыры ішінара опырылған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күш-құралдары дереу жіберілді, өрт сағат 07.22-де сөндірілді.

Өкінішке қарай, өрт орнында 12 адам қаза тапты, олардың 9-ы бала. 3 адам зардап шекті, олар қазір Жетісай аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға орнында тергеу шаралары жүргізіліп, өрттің себебі анықталуда. Әзірге қылмыстық құрам жоқ. «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі).

«Сіздің тапсырмаңыз бойынша кеше мен Үкіметтік комиссияның отырысын өткіздім, жерлеу рәсімін ұйымдастыру және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету, өрттің туындау себептерін анықтау, сондай-ақ осындай жағдайлардың алдын алу шараларын жүргізу бойынша бірқатар тапсырма бердім», - деп баяндады Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, кеше Түркістан облысы Жетісай ауданында жеке үй өртеніп, 12 адам қаза тапты. Президент өрттен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Өрт фактісі бойынша «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өрттің себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Өрттен қаза тапқандардың тізімі жарияланды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗