Түркістан облысында зейнеткерден қару-жарақ пен арқар мүйіздері тәркіленді
19 тамыз, 2024
Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Түркістан облысында полиция зейнеткерден қару-жарақ пен арқар мүйіздері тәркіледі, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған 69 жастағы азаматты ұстады.
Полицейлер Бәйдібек ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде түрлі калибрлі 100-ге жуық патрон, 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық, арқардың еті мен мүйіздерін, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелерді тауып тәркіледі. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Ұқсас жаңалықтар
27 наурыз, 2026
Көктемгі әскерге шақыру: SARBAZ+ жобасы өтінімді онлайн қабылдайды
27 наурыз, 2026
Әуе компаниясы Ташкент – Астана – Ташкент бағыты бойынша жолаушылар рейстерін іске қосады
27 наурыз, 2026
Енді ұландық сарбаздар асхана тағамын электронды жүйе арқылы бағалай алады
26 наурыз, 2026
Қазақтың ұлттық тағамдарына шетелде сұраныс артып келеді