Тоқаев Ли Сянь Лунды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Бүгін, 19:55
Думан Аманжол Думан Аманжол
Тоқаев Ли Сянь Лунды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Сингапур арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лунды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұған дейін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Сянь Лунның кездесуі өтті. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, инвестиция тарту, көлік-логистика, цифрландыру, жасанды интеллект, туризм салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.