08.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

ТМД елдері жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуымен күресуге келісті

|
Photo: Фото: Elordainfo.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

ТМД елдері жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуымен күресуге келісті

|
Photo: Фото: Elordainfo.kz

Мәжіліс биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялады. Құжатқа 2022 жылғы 20 мамырда Минскіде ТМД-ның бес елі: Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қол қойған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Келісімді ратификациялау тараптарға жануарлардың аса қауіпті ауруларының зертханалық диагностикасын жетілдіру және микроорганизмдердің (штаммдарының) ұлттық коллекцияларын толықтыру бойынша күш-жігерді біріктіруге мүмкіндік береді.

Зерттеу деректері негізінде дәрі-дәрмек жасау, мал ауруларының диагностикасы мен емдеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ олар мамандардың білімі мен біліктілігін арттыруға септігін тигізбек.

Сонымен қатар келісім аясында жануарлардың жұқпалы, аса қауіпті ауруларының таралуын болдырмауға және қатысушы мемлекеттердің аумақтарын эпизоотиядан қорғауға бағытталған профилактикалық әдіс жүзеге асырылатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗