Референдум-2026

TazaQazBot арқылы 51 мыңнан астам өтінім қабылданды

Бүгін, 16:52
Думан Аманжол Думан Аманжол
TazaQazBot арқылы 51 мыңнан астам өтінім қабылданды
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

2024 жылғы маусым айынан бастап жұмыс істеп келе жатқан TazaQazBot чат-боты арқылы әрбір тұрғын өз қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға және абаттандыру жұмыстарына үлес қоса алады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, егер сіз заңсыз қоқыс үйіндісін, қоқыс контейнерлерінің толып кеткенін, көше жарығының істен шыққанын, жолдың бүлінгенін немесе басқа да заңбұзушылықтарды байқасаңыз, бұл туралы TazaQazBot чат-боты арқылы хабарлай аласыз.

Ол үшін мәселенің фотосуретін жіберіп, орналасқан жерін көрсетіп, қысқаша сипаттама жазсаңыз жеткілікті. Өтініш қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы мемлекеттік органдарға жолданады.

«2024 жылғы маусымнан бастап бүгінгі күнге дейін ақпараттық жүйеге 51 381 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 46 582 өтінім орындалды, 1 338 өтінім орындалу сатысында. Бірлесе отырып, қалаларымызды таза, жайлы әрі өмір сүруге қолайлы ете аламыз. Таза қоршаған орта – әрқайсымыздың жауапкершілігімізден басталады», - деп хабарлады ведомствода.

Еске салсақ, Астана қаласының прокуратурасы елорда тұрғындарын тазалықты сақтауға шақырды.