Суға батып бара жатқан адамды қалай құтқаруға болады – ТЖМ кеңесі

Суға батып бара жатқан адамды қалай құтқаруға болады – ТЖМ кеңесі
Фото: видеодан скрин

Жаз мезгілінде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды. Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі суға батып бара жатқан адамды көрген жағдайда қандай әрекет жасау керектігін түсіндірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең алдымен айналадағы адамдарды көмекке шақырып, 112 нөміріне хабарласу қажет. Мамандар оқиға орнына жеткенше зардап шегушіге құтқару шеңберін, арқанды, үрлемелі матрасты немесе су бетінде қалқып тұратын кез келген затты лақтыруға кеңес береді.

Егер жүзуді жақсы меңгерген болсаңыз және көмек көрсете алатыныңызға сенімді болсаңыз, суға батып бара жатқан адамға тек артқы жағынан жақындаған жөн. Оны бетін су үстінде ұстайтындай етіп қаусырып алып, жағаға қарай жеткізу керек.

Зардап шегушіні жағаға шығарғаннан кейін алғашқы медициналық көмек көрсетілуі тиіс.

ТЖМ мамандары өз күшіне сенімді емес адамдарға өмірін қатерге тікпеуге кеңес береді. Мұндай жағдайда кәсіби құтқарушыларды шақырып, олардың келуін күткен дұрыс.

Бұған дейін Қазақстанда әмбебап құтқару бөлімшелері жетілдіріліп жатқанын жазған болатынбыз.