Референдум-2026

Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай 266 маман марапатталды

Бүгін, 16:57
Думан Аманжол Думан Аманжол
Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай 266 маман марапатталды
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Су ресурстары және ирригация министрлігінде сала дамуына елеулі үлес қосқан мамандарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов су саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, ведомстволық наградалар, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарды табыстады.

Су шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шаралар елдің барлық өңірінде ұйымдастырылды. Жалпы саны 266 маман марапатталды. Атап айтқанда, 14 маман «Еңбек ардагері» медалімен, 7 маман «Су шаруашылығының ардагері» медалімен, 36 қызметкер «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен наградталды. Сондай-ақ 96 адам Құрмет грамотасымен, 113 маман Алғыс хатпен марапатталды.

«Құрметті су шаруашылығы саласының қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер әрбір тамшы судың ел игілігіне қызмет етуіне үлес қосып келесіздер. Бұл - үлкен жауапкершілік пен жоғары кәсібилікті талап ететін абыройлы еңбек. Табанды еңбектеріңіз бен адалдықтарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сала дамуына бар ғұмырын арнаған ардагерлерімізге ерекше ризашылығымды жеткіземін. Сіздер қалыптастырған еңбек жолы жас мамандар үшін қашанда тағылымды үлгі», деп атап өтті Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.