Су алатын аппараттан ақша ұрлаған елордалық ұсталды
22 тамыз, 2024
Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Астанада белгісіз ер адам қаладағы үйлердің бірінде орнатылған су сататын аппараттан ұрлық жасаған, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам түнгі уақытты пайдаланып, темір кескіштің көмегімен автоматтың құлыбын бұзып, шамамен 50 мың теңге ұрлаған.
Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Байқоңыр ауданы ПБ қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 39 жастағы ер адам болып шықты.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағында болған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
16 тамыз, 2026
Астанада Есіл өзенінен жүзіп өтпек болған азаматқа көмек көрсетілді
14 тамыз, 2026
KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді - министрлік
14 тамыз, 2026
Кейбір өңірдегі тұтынушылар жарықтан ажыратылды - Энергетика министрлігінің мәлімдемесі
14 тамыз, 2026
Полиция формасын киіп, әдепсіз би билеген блогер жауапқа тартылды