Солтүстік Македония Президенті Тоқаевтың превентивті дипломатияға қатысты пікіріне қолдау білдірді

Бүгін, 17:24
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Солтүстік Македония Президенті Тоқаевтың превентивті дипломатияға қатысты пікіріне қолдау білдірді
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты. Онда Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ өз жұмысында превентивті дипломатияға баса назар аудару керек деген пікіріне қолдау білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

– Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропа Одағы әу баста әлемде бейбітшілік орнату үшін құрылған. Дегенмен екі құрылым да соғыспен бетпе-бет келіп, сәтсіздікке ұшырады. Неліктен бұлай болды? Өйткені превентивті дипломатия жоқ. Тоқаев мырза превентивті және проактивті дипломатия жайында айтты. Саяси шешімдер қабылдауда бізге осындай оң үлгі жетпей тұр, – деді Солтүстік Македония Президенті.

Сондай-ақ панелдік пікірталасқа Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе қатысты.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысқаны туралы жаздық.