Шолпан Каринова: Конституция – тең мүмкіндіктер кепілі

Бүгін, 09:29
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Шолпан Каринова: Конституция – тең мүмкіндіктер кепілі
Фото: Amanat партиясы

Amanat партиясының хатшысы Шолпан Каринова жаңа Конституция жобасының мәні мен маңызына тоқталып, бұл құжат тек заңгерлерге немесе саясаткерлерге арналған құжат емес, бұл – әр азаматтың, әр қазақстандықтың, әр әйелдің күнделікті өміріне тікелей әсер ететін негізгі қоғамдық келісім екенін атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Конституция – тең мүмкіндіктер кепілі. Азаматтардың білім алуға, еңбек етуге, басқаруға, шешім қабылдауға қатысуы ең алдымен осы Конституцияда бекітіледі. Конституция жобасы негізінде отбасы, ана, бала – ең бірінші назарда. Отбасының әйел мен ер адамның ерікті және тең құқықты одағы ретінде танылуы, әлеуметтік қорғалуы – әйелдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негізі. Сонымен қатар бүгінгі геосаяси заманда және цифрлық дәуірде әйелдің жеке деректері қорғалуы ерекше маңызға ие. Жеке өмірге қол сұқпаушылық, дербес мәліметтерді қорғау – бүгінгі әйел үшін, әр азамат үшін жаңа, өзекті мәселе», – деді Шолпан Каринова.

Бұған дейін «Қазақстан заңгерлер одағы» Конституция жобасын бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынысын қолдаған болатын.