12.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Софья Самоделкина Олимпиада нормативін орындады

|
Photo: Фото: olympic.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Софья Самоделкина Олимпиада нормативін орындады

|
Photo: Фото: olympic.kz

Астаналық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты барысында еркін бағдарламада Софья Самоделкина 117,78 ұпай жинады. Жалпы сомасы – 181,36 ұпай.

Нәтижесінде жарысты 14-орынмен аяқтады.

Жеңісті америкалық Алиса Лью (222,97) иеленді. Екінші орынға жапондық Каори Сакамото (217,98) тұрақтаса, үздік үштікті тағы бір жапондық спортшы Монэ Тиба (215,24) қорытындылады.

Айта кетейік, Софья Самоделкина 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу нормативін орындады. Ол үшін спортшы әлем чемпионатында топ-24 қатарына енуі қажет еді. Бұл көрсеткіштің ресми түрде расталуы кейінірек жарияланады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗