Skills Enbek платформасы: 25 мыңнан астам жұмыссыз азамат онлайн курсты аяқтады
Жыл басынан бері 62,8 мың азамат, оның ішінде 25,1 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстан өтіп, сертификаттар алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Платформада барлығы 1,3 млн-нан астам қазақстандық тіркелген, оның ішінде биыл 91,5 мың адам тіркелді. Платформаның барлық жұмыс кезеңінде 1,2 мың адам оқудан өтті.
Оқуды аяқтаған 25,1 мың жұмыссыз азаматтың 6,1 мыны – жастар (16–35 жас арасында). Олар негізінен Ақтөбе облысынан (2 597 адам), Шымкент қаласынан (2 587 адам), Түркістан (2 028 адам), Қызылорда (2 215 адам), Қостанай облыстарынан (1 744 адам) басым болды.
«Бүгінгі таңда Платформада авторлар әр түрлі бағыттар бойынша 601 курс жариялады, оның 415-і тегін. Сондай-ақ, ары қарай оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар. Курстардың ұзақтығы 2-ден 72 сағатқа дейін», делінген хабарламада.
Платформада әлеуметтік қызмет көрсету және басқа да салалар бойынша тегін курстар саны артуда. Биыл қаңтар-наурыз айларында ең көп сертификат «Кассир» (8 043 сертификат), «Қаржылық сауаттылық бойынша курс» (3125 сертификат), «Қозғалысы қиындаған жандарға кәсіби жеке көмекші курсы», (2 251 сертификат), «Әлеуметтік жұмыс» (948 сертификат) курстары бойынша берілді.
Оқуға Skills Enbek платформасы арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады. Платформада білім алушы оқытудың тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдап, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.
«Оқу аяқталған соң, білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруы тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеруі туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – білім алушы тарапынан курсты бағалау. Сертификатты жүктеу кезінде игерген дағдылар бойынша Enbek.kz-те бос жұмыс орындарын ұсыну функциясы қосылды. Алынған сертификат Enbek.kz-те тіркелген кезде білім алушының түйіндемесінде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде жұмыс беруші Платформада оқуды сәтті аяқтаған сертификат иелерін көре алады», деп хабарлады ведомство.
Платформада онлайн курстарды авторлар мен әзірлеушілер тегін орналастырады. Курстарды мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеуге болады, ақпарат әртүрлі форматта: мәтін, презентация, бейне және аудио материалдар, инфографика және басқа да әдістермен берілуі тиіс.
2023 жылғы желтоқсаннан бастап курстарды Enbek мобильді қосымшасы арқылы да өтуге болады. Қосымшаны пайдаланушылар Google Play және AppStore дүкендерінен жүктей алады.
Платформада тіркелу және жұмыс істеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысуға болады: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі: 441, 888).