Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша екінші ашық сот процесі басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қылмыстық іс бойынша 9 адам айыпталып отыр.
Абзал Шынасыл – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық», 99-бабы 2-бөлігі 4-5-тармағы «Аса қатігездікпен қасақана адам өлтіру», 24-баптың 3-бөлігі «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу»;
Равиль Сакиев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық», 99-бабы 2-бөлігі 7-9-тармағы «Аса қатігездікпен қасақана адам өлтіру»;
Белқожаев Шыңғыс, Аскентай Дархан, Ілиясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Нұрбол, Ғалиахмет Дидар, Тоқтаубаев Азамат – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық»;
Ысқақ Думан – Қылмыстық кодекстің 434-бабы «Қылмыс туралы хабарламау».
Айта кетейік, сот отырысының онлайн трансляциясы Жоғарғы соттың YouTube-каналында көрсетіліп жатыр.