Референдум-2026

Рекорд: Артық Доссалиев 17 тонналық автобусқа байланған арқанды тістеп, 15 метрге дейін сүйреді

Рекорд: Артық Доссалиев 17 тонналық автобусқа байланған арқанды тістеп, 15 метрге дейін сүйреді
Фото: instagram/globalbestrecords

Экстремалды күш рекордтары санатында Мысыр Украина және Ресейдің төрт әлемдік рекорды Қазақстанда жаңартылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz GBR-дың Азия және Африка елдері бойынша әлемдік рекордтарды тіркеу жөніндегі Бас офицері Қуандық Құдайбергеновке сілтеме жасап.

Пауэрлифтингтен бес дүркін әлем чемпионы қазақ спортшысы Артық Доссалиев Қытайда шығарылған салмағы 17 600 келі YUTONG магистральды автобусы тіркелген арқанды тістеп, 15 метр қашықтыққа сүйреп жылжытты.

Автобуста 500 литр жанармай және салмағы 67 кг жүргізуші болды. 

Осылайша жаңа GLOBAL BEST RECORDS ұйымының әлемдік рекорды орнатылды.

 


Еске сала кетсек, елордада екі күнге созылған  BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалінде жалпы 56 тонна қымыз ұсынылып, бұл көрсеткіш Қазақстан рекордтар кітабына ресми түрде енгізілді.