03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Райм мен Ерке Есмахан 12 жасар ұлына көлік сыйлады

|
Photo: Фото: Elordainfo.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Райм мен Ерке Есмахан 12 жасар ұлына көлік сыйлады

|
Photo: Фото: Elordainfo.kz

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының бағалы сыйлыққа ие болғанын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Біз шаңырақ көтерген күннен бастап, Райм Муслимнің баскетболға құлшынысын арттыра бастады, ағылшын тілін дамыту үшін Англияда оқытты. Муслимнің тұйық мінезін ашудың жолдарын іздеді. Денсаулығына, араласатын ортасына, үйдегі тәрбиесіне қатты мән береді. Тіпті мектебіндегі ата-аналар чатында Райм отырады. Ең бастысы, осы кезге дейін сезінбеген «әке махаббатын»  сезіндірді. Кішкентайынан ата-әжесімен бірге болған бала қазір, Аллаға шүкір, «Папа мама» деп толыққанды отбасында өсуде», - деп жазды әнші.

Сонымен қатар ол ұлы Муслимге ақ тілегін білдіріп, темір тұлпарымен құттықтады.

«Міне, бүгін Папасы Муслимге сыйлық жасап қуантты. Көлігің құтты болсын, балам. Ақылды жігіт бол. Үмітімізді ақта. Артыңнан ерген ініңе үлгі бол. Өзіме жақсы жар ғана емес, балаларыма керемет әке нәсіп еткеніне Аллаға әрқашан шүкіршілігімді аямай айтып отырамын», - деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗