Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оның айтуынша, облыс аумағы арқылы Қызылорда-Жезқазған автожолының 208 км учаскесі өтеді.
«Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жолдың ¼ бөлігіне асфальт жабындысы төселді. Жобаға 530 техника бірлігі және 1100 адамнан астам жұмысшы жұмылдырылған. Жобаны жалпы жүзеге асыру мерзімі – 2025-2027 жылдар. Кейбір учаскелерде кідірістер бар, бірақ «ҚазАвтоЖол» тарапынан жұмыстарды жеделдету бойынша қажетті ескертулер жіберілді», – деді спикер қойылған сұраққа берген жауабында.
Ал Жезқазған-Қарағанда автожолы бойынша облыс аумағы арқылы 335 км өтеді. Қазіргі уақытта конкурс жарияланды, жыл соңына дейін мердігер анықталады.
«Келесі жылы құрылыс жұмыстары «толық тапсыру» схемасы бойынша басталып, 2030 жылға дейін жүргізіледі. Сонымен қатар, биыл «ҚазАвтоЖол» компаниясымен бірлесіп жолда орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қосымша қаражат бөлуге мүмкіндік туды: шамамен 11 мың м² ойықтарды жөндеу және 40 км ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды», – деді Дастан Рыспеков.