Қылмыстық топтан 711 млн теңгенің вейптері тәркіленді

Қылмыстық топтан 711 млн теңгенің вейптері тәркіленді
Фото: ҚМА видеосының скрині

Алматы қаласы мен Павлодар облысы аумағында вейптерді заңсыз саудалаған ұйымдасқан қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен бес қатысушысы қамауға алынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр.

Заңмен тыйым салынғанына қарамастан, күдікті вейптерді сатудың жүйелі схемасын ұйымдастырған. Заңсыз әрекеті жасыру үшін дүкендер желісінің атауы өзгертіліп, ресми түрде қорқор өнімін сатуға бағытталғандай көрсетілген. Алайда іс жүзінде электрондық тұтыну құрылғысы мен оның бөлшектері сатылған.

«Тыйым салынған өнімдер Telegram мессенджері арқылы да сатылып, жеткізуге курьер қызметі пайдаланылған. Құпиялылықты сақтау үшін жалға алынған орындар, сенімді адамдар және мессенджердегі шифрланған байланыс арналары қолданылған. Заңсыз саудадан түскен қаржы ақшалай, және жеке кәсіпкердің банк шоты арқылы жиналып, кейін қылмыстық топ мүшелері арасында бөлінген», делінген хабарламада.

Тінту кезінде құны 131 мыңнан астам вейп тәркіленді. 

Күдікті әшкереленіп, бұлтартпау шарасы қолданылғанына қарамастан топтың қызметін үйлестіруді тоқтатпаған.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа 4 автокөлік пен Алматы қаласындағы элиталық тұрғын үй кешенінен 4 бөлмелі пәтер сатып алынған. Аталған мүлікке тыйым салынды.

Еске сала кетсек, Ақтөбе облысында криптовалюта саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.