Қостанай облысында үшем дүниеге келді
30 қаңтар, 2026
Фото: ДСМ
Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Бұл соңғы үш жылдың ішінде облыста тіркелген алғашқы жағдай, деп хабарлайды Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
31 жастағы келіншек дүниеге үш қызды әкелді. Жаңа туған екі сәбидің салмағы - 2 600 грамм, үшіншісінің салмағы – 2 300 грамм. Барлығының бойы — 49 сантиметр.
Облыстық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, ананың да, балалардың да жағдайы қанағаттанарлық.
Айта кетерлігі, Қостанай ауданында тұратын Шарапиевтер отбасында тағы үш ұлы бар. Үшемнің анасы Сымбат Шарапиева жүктілік кезінде бірнеше рет емделіп, босанған Қостанай облыстық ауруханасының ұжымына алғысын білдірді.
Еске сала кетсек, Астанада Жаңа жыл түні 22 сәби дүниеге келді.
Ұқсас жаңалықтар
10 мамыр, 2026
Ауыл мен шалғай өңірлерде медициналық көмек қолжетімді бола түседі
9 мамыр, 2026
Пациентке бағдарланған тәсіл: АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көмек көрсетудің маңызы
8 мамыр, 2026
1 қыркүйектен бастап мектеп медицинасы жаңа форматқа өтеді
7 мамыр, 2026
Қазақстанда алғаш рет торакальдық хирургияда жаңа аз инвазивті әдіс қолданылды