Қазақстанның танымал дзюдошылары Чехияда дауыс берді

Бүгін, 16:32
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстанның танымал дзюдошылары Чехияда дауыс берді
Фото: ҚР СІМ

Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Қазақстанның танымал дзюдошылары – 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев және әлем чемпионаттарының екі дүркін жүлдегері Әбиба Әбужақынова Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы елшілігі жанындағы №437 референдум учаскесіне барды.

Нимбурк қаласында өтіп жатқан халықаралық оқу-жаттығу жиынында жүрген спортшылар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша референдумға қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, ел үшін маңызды саяси оқиғаға қолдау көрсетті.