Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 3,5 трлн теңгеге жетті
Инвестициялық белсенділік жыл басындағы экономикалық өсімнің негізгі драйвері болды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 3,5 трлн теңгее жетіп, 6,4%-ға ұлғайды. Үкімет отырысында капиталды тарту динамикасы туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин осылай мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz. Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаражат тартудан көшбасшы өңірлер – Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстары. Капиталдың ең көп көлемі электрмен жабдықтау, байланыс және ауыл шаруашылығы секторларына салынып жатқаны байқалып отыр. Сыртқы саудада да оң динамика бар: жылдың алғашқы екі айында тауар айналымы 11,3%-ға өсіп, $21,7 млрд-қа жетті.
«Апта сайын Экономикалық өсім жөніндегі жедел штабта нақты кәсіпорындардың проблемалық мәселелері және өнім шығаруды ұлғайту үшін оларды шешу жолдары қаралады. ЖІӨ-нің таргеттелетін өсуін қамтамасыз ету мақсатында салалық министрліктер салаларды дамытудың нысаналы параметрлеріне қол жеткізу үшін барлық қаржылық және қаржылық емес шараларды қабылдауды қамтамасыз етуі қажет», - деп атап өтті вице-министр.
Еске салсақ, былтыр отандық IT қызметтердің экспорты 1,1 млрд доллардан асты.