Қазақстанның басым бөлігінде су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды
Еліміздің басым бөлігінде су тасқынының белсенді кезеңі барынша азайды, жағдай тұрақты, мониторинг жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәлімдетінше, еліміздің оңтүстік, батыс және орталық өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі азайды. Солтүстік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысында әлі бақылау жүргізіліп жатыр. Мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері қатысатын ТЖМ су тасқынына қарсы жедел штабы өз жұмысын тоқтатпайды.
Шығыс Қазақстанда су тасқынының бірінші толқыны аяқталды. Сәуір айының үшінші онкүндігінен мамыр айының екінші онкүндігінің соңына дейін облыста екінші кезең өтеді. Су тасқынының екінші толқыны тау бөктеріндегі қардың еруі, орташа таудың оңтүстік беткейлеріндегі қардың еруі және жауын-шашын салдарынан болуы ықтимал. Облыс аумағындағы қар жамылғысының үлесі 19 пайыз. Су тасқыны қаупі бар барлық учаске мен гидротехникалық құрылыс бақылауға алынды, су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуы тексерілді.
Өңірде каналдар, арықтар, су өткізу құрылыстары мен көпірлерді ауқымды тазарту жұмысының нәтижесінде 16 елді мекенде су басу қаупі жойылды, 50 елді мекенде қауіп азайтылды, ал 5 елді мекенде қауіп сақталып отыр. Олар Глубокое және Алтай аудандары.
Қазіргі таңда облыстағы өзендердегі су деңгейі қауіпті межеден төмен. Сонымен қатар тәулік бойы мамандар таулы аймақтардағы қар қорын және ағымдағы жағдайды мониторинг жүргізеді.

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілді. Облыста ТЖМ 28237 әскери бөлімі жұмылдырылған. Олар Петропавл қаласында, Заречный кентінде және Қызылжар ауданының Бескөл ауылында жұмыс істеп жүр. Аталған бөлімшенің күшімен Қызылжар ауданында және Петропавл қаласының маңында қорғаныш бөгенін нығайту 10 мыңу қап төседі. Есіл өзенінің тасқын суы бөгендерді шайып кетпеу үшін 2,5 мың метр полиэтилен төселді. Су тасқыны жағдайын бақылау аясында өзендер, көлдер мен су қоймалары бассейндеріне аэровизуалды тексеру жүргізілді.
Еске сала кетсек, вице-премьер Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді.