Қазақстанда мәдени мұраны қорғау жөніндегі мамандарды даярлау күшейтіледі

Бүгін, 16:09
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстанда мәдени мұраны қорғау жөніндегі мамандарды даярлау күшейтіледі
Фото: akorda.kz

ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде мәдени мұраны қорғау саласында мамандар даярлауды күшейту көзделген. Бұл туралы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитеті төрағасының орынбасары Рустам Мұзафаров айтып берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Кешенді жоспар тағы бір өте маңызды мәселені – мұраны қорғау саласының мамандарын даярлауды көздейді. Соңғы жылдары бұл бағытта ЮНЕСКО айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді. Біз мамандарымызды, ең алдымен, облыстық және аудандық деңгейде даярлап жатырмыз, өйткені мәдени мұра үлкен қалаларда ғана өмір сүрмейді, оны сезініп, қадірін түсінетін жерлерде өмір сүреді», - деп атап өтті ғалым.

Бұған дейін Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтауға арналған кешенді жоспарын бекіткенін жаздық.