Қазақстанда 1 қаңтардан бастап Ұлттық тауарлар каталогы міндетті болады
Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов атап өткендей, бұл бүкіл нарық үшін цифрлық ашықтықты жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«1 қаңтардан бастап импортталған болсын, ел ішінде өндірілген болсын, Қазақстан аумағында сатылатын тауарлардың барлығында NTIN коды болуға тиіс. Түпкілікті өнім өндіру үшін пайдаланылатын аралық шикізат пен материалдардан басқа», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Бүгінгі таңда ірі сауда желілерінің тауарлық-есептік жүйелері мұны чектерде қолданады. Сонымен қатар, тұрақты NTIN-нен басқа, уақытша, яғни нарыққа ауыр болмас үшін Ұлттық тауарлар каталогымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін техникалық құрал жұмыс істейді.
«Қазіргі уақытта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте айыппұлдар мен жазалар, бұғаттау қарастырылмаған. Онда мұндай нормалар жоқ, ал әкімшілік шараларды заңнаманы өзгертпей қолдану мүмкін емес», - деп толықтырды Әсет Нүсіпов.