Сапалы ауыз сумен ел халқы толық қамтамасыз етіледі
Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, елімізде сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.
2021-2025 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 835 млрд теңге бөлініп, 1,6 мыңнан астам инфрақұрылымдық жоба іске асырылды.
Сонымен қатар магистральдық су құбырларын және су тазарту нысандарын салу мен жаңғырту арқылы сумен қамтамасыз ету сапасын арттыруға ерекше назар аударылды.
Осы шараларды іске асыру санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға және өңірлердің тұрақты дамуына ықпал етуде.
Еске сала кетсек, Астана қаласы тәулігіне қанша мөлшерде ауыз су қолданатынын жаздық.