Header Banner

ҚТЖ елордалық терминалында 1000-шы контейнерлік пойыз тиелді

Бүгін, 09:35
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
ҚТЖ елордалық терминалында 1000-шы контейнерлік пойыз тиелді
Фото: ҚТЖ

Астана станциясы терминалында 1000-шы контейнерлік пойыз тиелді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл елеулі өндірістік көрсеткіш елордалық логистикалық тораптың өсіп келе жатқан рөлін және тасымалдау процесін ұйымдастырудың тиімділігін растайды.

Терминал халықаралық транзиттік тасымалдарға қызмет көрсетеді және Қытай – Қазақстан – Ресей – Беларусь – Еуропа бағытында жүк ағындарын қайта бөледі. Құрамдардың уақтылы жүктелуі ҚТЖ желісі бойынша вагондардың бос жүрісін қысқартады, инфрақұрылымның өткізу қабілетін арттырады және Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтеді.

Еске салайық, бұған дейін Астанадан Атырауға жаңа Stadler вагондары жолға шығатыны туралы жаздық.