Қазақ сарбазы UFC турнирінде жеңіске жетті

Бүгін, 21:12
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақ сарбазы UFC турнирінде жеңіске жетті
Фото: Қорғаныс министрлігі

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 326 турнирінде Арнайы операция  күштерінің өкілі кіші сержант Дияр Нұрғожай тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Бразилиялық спортшы Рафаэль Тобиаспен болған үш раундтық жекпе-жекте Дияр Нұрғожай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (30-27, 29-28, 29-28).

Осылайша Дияр Нұрғожай кәсіби мансанбында 11-ші жеңісіне қол жеткізді.

Айту керек, бұл кездесу Дияр үшін UFC ұйымындағы үшінші жекпе-жегі. Ол 93,4 келі салмақта өнер көрсетеді. Бұған дейін ол 13 жекпе-жек өткізіп, 11-рет жеңіске жетсе, 2-рет жеңілген.

Айта кетейік, Дияр Нұрғожай – қоян-қолтық ұрыстан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Панкратионнан әлем чемпионы, ММА-дан Азия чемпионы, Eagle FC лигасының жартылай ауыр салмақтағы чемпионы, Dana White’s Contender Series турнирінің жеңімпазы, UFC ұйымының файтері.

Еске салсақ, Астаналық таеквондошы Тоғжан Қазынабек Болгария төрінде топ жарған болатын