Қасым-Жомарт Тоқаевты Исламабад әуежайында Пәкістанның Президенті қарсы алды
3 ақпан, 2026
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысын Исламабад әуежайында Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп, зеңбіректен 21 мәрте оқ атылды.
Сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның туларын ұстаған балалар Қасым-Жомарт Тоқаевқа қошемет көрсетті.
Ертең жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.
Ұқсас жаңалықтар
20 наурыз, 2026
Президент атына Ораза айтқа байланысты құттықтаулар келіп түсуде
20 наурыз, 2026
Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты
20 наурыз, 2026
Ресей Президенті Тоқаевты референдумның табысты өтуімен құттықтады
18 наурыз, 2026
Қазақстанда Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты құрылады