Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министрін құттықтады
18 ақпан, 2026
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.
Президент Жапонияны еліміздің Азиядағы басты серіктестерінің бірі ретінде атап өтті. Сонымен қатар достық пен өзара түсіністікке негізделген кеңейтілген стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичидің аса жауапты қызметіне табыс, ал жапон халқына құт-береке тіледі.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Дональд Трамптың шақыруымен АҚШ-қа баратынын жазған едік.
Ұқсас жаңалықтар
12 шілде, 2026
Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айтты
11 шілде, 2026
Мемлекет басшысы Моңғолия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
10 шілде, 2026
Тоқаев Трампты АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады
9 шілде, 2026
Қазақстан мен Ауғанстан трансшекаралық төлемдер тетігін жетілдіруді талқылады