Қазақстан Президенті Дональд Трамптың шақыруымен АҚШ-қа барады
18 ақпан, 2026
Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады.
Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады.
Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Ұқсас жаңалықтар
8 шілде, 2026
Мемлекет басшысы екі маңызды заңға қол қойды
8 шілде, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту туралы жарлыққа өзгерістер енгізді
3 шілде, 2026
Президент мәдениет және әлеуметтік даму салаларындағы мемлекеттік саясатты күшейтуді тапсырды
2 шілде, 2026
Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасының аға вице-президентімен кездесті