Референдум-2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Лихтенштейн Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін, 11:04
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қасым-Жомарт Тоқаев Лихтенштейн Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері Алоизді Лихтенштейн Князьдігінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Қазақстан Лихтенштейнмен көп жылғы достық қарым-қатынасты және өзара құрметті жоғары бағалайды. Тиімді ынтымақтастығымыз екі ел халықтарының игілігі жолында нығая беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері Алоиздің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Князьдік халқына бақ-береке тіледі.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.