Референдум-2026

Қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін шартты жаза алған елордалықтың ісі қайта қаралады

Қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін шартты жаза алған елордалықтың ісі қайта қаралады
Фото: freepik.com

Қаржы пирамидасынан 340 миллионға жуық табыс тапқан елордалыққа сот шартты жаза тағайындаған. Прокуратура жазаны жеңіл деп тауып, істі қайта сот қарауына жіберді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Проокуратураның мәліметінше, елорда тұрғыны 2023 жылдан 2025 жылға дейін әрекет еткен қаржы пирамидасын ұйымдастырған. Оған 6,2 мыңнан астам адам тартылып, ұйымдастырушы 337 млн теңге табыс тапқан. 

Оны сот мүлкін тәркілеместен, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. 

ҚР Бас прокуратурасы тағайындалған жеңіл жазамен келіспеді. Кассациялық сот прокурордың наразылығы бойынша сот актілерінің күшін жойып, істі жаңа сот талқылауына жіберді.

Еске салсақ, «Sax Invest» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 7 жылға сотталды.