Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде бизнес жүргізу қағидаларын жетілдіріліп, жеңілдетілуде
Бүгінде елімізде 2,2 млн-нан астам ШОБ субъектісі жұмыс істейді, сала бойынша 4 млн-нан астам адам жұмыспен қамтылған. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов кәсіпкерлікті дамытуға Президент деңгейінде басымдық берілетінін, өйткені ШОБ халық үшін маңызды табыс көзі екенін атап өтті , деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Халықтың табысының маңызды көзі болып саналатын кәсіпкерлікті дамыту – Мемлекет басшысының әрдайым ерекше назарында тұрған мәселе. Бүгінде елімізде 2,2 млн-нан астам шағын бизнес субъектісі жұмыс істейді. Онда шамамен 4 млн адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпкерлікті одан әрі дамыту үшін бизнес жүргізу қағидаларын жетілдіріп, оны неғұрлым түсінікті әрі ашық болуын қамтамасыз ету маңызды. Үкімет бизнес-қауымдастықпен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып, жаңа салық саясатын қалыптастыруда», - деп атап өтті Олжас Бектенов.