Президент Румен Радевті Болгария Премьер-министрі болып сайлануымен құттықтады

9 мамыр, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президент Румен Радевті Болгария Премьер-министрі болып сайлануымен құттықтады
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жеделхатта Румен Радевті «Прогрессивті Болгария» коалициясының парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және Болгария Республикасының Премьер-министрі болып сайлануымен құттықтады.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достыққа құрылған ынтымақтастық бірлескен күш-жігердің арқасында одан әрі беки түсетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Румен Радевтің аса жауапты қызметіне табыс, ал Болгария халқына құт-береке тіледі.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен әскери шеруге қатысты.