Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен әскери шеруге қатысты

Бүгін, 14:48
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен әскери шеруге қатысты
Фото: akorda.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруге барды.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Александр бағындағы Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Іс-шараларға Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Малайзия Королі Сұлтан Ибрагим, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит және басқа да ресми тұлғалар барды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.