Қазақстандық джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков Азия ойындарының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Отандасымыз 69 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында Сингапур өкілі Ноа Тянь Жун Лиммен күресті.
Нәтижесінде Нұржан 4:0 есебімен жеңіске жетіп, ақтық сынға жолдама алды.
Айта кетейік, Батырбеков ширек финалда филиппиндік Марк Александр Лимді 4:2 есебімен жеңген болатын.