Президент Пәкістан Ислам Республикасына барады
2 ақпан, 2026
Фото: akorda.kz
Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Шахбаз Шарифпен және Президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған.
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2026
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
16 қыркүйек, 2026
Ерлан Қарин ішкі саясаттағы үш басым бағытты нақтылап берді
16 қыркүйек, 2026
Тоқаев: Қазақстан Кореямен AI мамандарын даярлау бағдарламасын іске қосуға дайын
16 қыркүйек, 2026
Президент Корея компанияларын жаңа мұнай-газ өндірістерін ашуға шақырды