Президент Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Ұлы Отан соғысына қатысушы Бауыржан Момышұлына (марқұм) «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 25 желтоқсан
№ 1137
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын.