Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді

Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесіне Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі және құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында елімізде азаматтардың заңды құқықтарын қорғау және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Сондай-ақ Президент кеңеске қатысушыларға Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша жұмыс істеген Конституциялық комиссия қызметінің қорытындысы жөнінде мәлімет берді.

Бұған дейін Мемлекет басшысының референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойғанын жазған болатынбыз.