05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Полиция қызметкерін әдейі соққан мопед жүргізушісі жазаланды

|
Photo: Фото: видеодан скрин
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Полиция қызметкерін әдейі соққан мопед жүргізушісі жазаланды

|
Photo: Фото: видеодан скрин

Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетіп, оқиға орнынан қашпақ болған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, Төле би даңғылында жергілікті полиция қызметінің экипажы қарама-қарсы жолақпен қозғалып келе жатқан мопедті байқаған. Тәртіп сақшылары құқық бұзушыны тоқтатуға әрекеттенген, бірақ 20 жастағы жүргізуші заңды талапқа бағынбаған.

Патрульдік полиция қызметкерлерінің бірін мопед жүргізушісі әдейі қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушы анықталып, ұсталды. Оған қатысты бірнеше әкімшілік құқықбұзушылық бабы бойынша іс қозғалды, оның ішінде полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін де жауапкершілік қарастырылған. Сот қаулысы бойынша құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, - деп хабарлады департаменттен.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗