«Пиротехника» жедел профилактикалық шарасы: елордалық құтқарушылар пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелерін еске салады
Елордалық Төтенше жағдайлар және Полиция департаменттерінің қызметкерлері қалада пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде өрт пен жарақаттанудың алдын алуға бағытталған «Пиротехника» профилактикалық акциясын өткізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты қалалық ТЖД жаңа жылдық мерекелер кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салды.
Электр гирляндаларын қолдануға қойылатын талаптар келесідей:
- кернеуі 12 вольттан аспайтын гирляндаларды пайдалану;
- бір шамның қуаты 25 ваттдан аспауы керек;
- сымдарды қыздыру немесе шамдар жыпылықтаған кезде гирляндты электр желісінен дереу ажырату;
- үйден шыққанда немесе ұйықтар алдында гирляндтарды өшіруді ұмытпау.
Отшашуларды пайдалану кезінде:
- пиротехникалық бұйымдарды ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта қолдану;
- пиротехниканы ағаштардың жанында, шатырлардың астында және желді ауа-райында қолдануға болмайды;
- пиротехникалық бұйымдарды балаларға бермеу;
- тек сертификатталған өнімдерді нұсқаулыққа сәйкес қатаң түрде қолдану.
Сондай-ақ, құтқарушылар қауіпсіздік шараларын сақтау - әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.