Павлодарда әскери бөлімдегі атыс: бір әскери қызметші қаза тапты

Бүгін, 10:50
Думан Аманжол Думан Аманжол
Павлодарда әскери бөлімдегі атыс: бір әскери қызметші қаза тапты
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Павлодар қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қазір оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы мәліметке сәйкес, келісімшарт бойынша әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Салдарынан бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алды, ал оқ атқан әскери қаза тапты. 

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Зардап шеккен азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», деп хабарлады министрліктен.

Қазір істі тергеу барысы ІІМ Әскери тергеу департаментінің бақылауында.

Сондай-ақ министрлік азаматтарға нақты емес, тексерілмеген ақпараттарды таратпауға шақырды.

Еске сала кетсек, прокуратура 27 қаңтарда Гвардейск гарнизоны әскери бөліміндегі сарбаз өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.