Павлодарда мектеп күзетшісі оқушыны соққыға жықты
20 ақпан, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Павлодарда мектеп күзетшісі 6-сынып оқушысын ұрды. Ақпаратты аймақтағы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Облыстық полицияның хабарлауынша, мектеп күзетшісі мас күйінде 6-сынып оқушысының кеуде тұсын соққылаған. Оқиға 19 ақпан күні болды.
Соққы салдарынан оқушы ауруханаға жүгінуге мәжбүр болған. Күзетші медициналық айықтырғыш мекемесіне орналастырылды. Ол қоғамдық орында мас болып жүргені үшін жауапқа тартылды. Оған айыппұл салынды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ полиция білім басқармасына мектеп басшылығын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жолдады.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті тіркелді
1 тамыз, 2026
Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының жұмысына қатысты мәлімдеме жасады
30 шілде, 2026
Астанадағы жол апатынан көлік аударылып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді - ВИДЕО
29 шілде, 2026
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді