17.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Павлодарда екі баласына 3,5 млн теңге алимент төлемеген тұрғын анықталды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Павлодарда екі баласына 3,5 млн теңге алимент төлемеген тұрғын анықталды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Павлодар облысында екі баласына 3,5 млн теңге алимент төлемеген тұрғын анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы полиция департаменті алимент төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларды анықтау және олардың жүрген жерін белгілеу бағытындағы жұмыстарға ерекше мән береді.

«Бұл мақсатта тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізіліп, кәмелетке толмаған балаларына материалдық міндеттемесін орындамай жүрген ата-аналар анықталып, қолға түсуде. Мәселен, Железин ауданының полиция қызметкерлері 36 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Ол өзіне заңмен жүктелген міндетті орындамай, екі кәмелетке толмаған баласына шамамен 3,5 млн теңге көлемінде қарыз жинақтаған. Тексеру барысында оның 2023 жылдың шілде айынан бері алимент төлемегені белгілі болды», - деп жазылған хабарламада.

Биыл Павлодар облысы полициясының қабылдаған шаралары нәтижесінде алимент төлеуден жалтарған 362 азаматтың ішінен 186 қасақана төлемеуші анықталғаны хабарланды.

Алименттен жалтарушылар өз әрекетін түрлі себептермен түсіндіруге тырысқанымен, бір жайтты ұмытпаған жөн – баланың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейі ең алдымен ата-ананың жауапкершілігіне байланысты. Алимент төлеуден қасақана жалтарған борышкерлерге қатысты заңда көзделген ең қатаң шаралар қолданылады. Атқарушы құжаттардың талаптары мәжбүрлеп орындатылады, ал заң талаптарын елемеу қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗