Қойма қызметкерлері Қытайдан келген 200 млн теңгенің тауарын ұрлаған
16 қаңтар, 2025
Фото: depositphotos.com
Алматыда Қытайдан келген тауарларды ұрлағандарға қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы 2023 жылдан 2024 жылға дейін Қытайдан келген тауарларды ұрлаумен айналысқан уақытша сақтау қоймасы қызметкерлеріне қатысты соталды тергеуді аяқтады.
Күдіктілер ұрланған тауарларды жергілікті базарларда сату үшін контейнерлер ішіндегі тауарлар туралы ақпаратқа қол жеткізген. Шығын 200 млн теңгеден асып, отандық және шетелдік компанияларға зардап келтірді, - деп жазылған хабарламада.
Жетісу көлік прокуратурасы істі сотқа жолдады.
Ұқсас жаңалықтар
16 тамыз, 2026
Астанада Есіл өзенінен жүзіп өтпек болған азаматқа көмек көрсетілді
14 тамыз, 2026
KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді - министрлік
14 тамыз, 2026
Кейбір өңірдегі тұтынушылар жарықтан ажыратылды - Энергетика министрлігінің мәлімдемесі
14 тамыз, 2026
Полиция формасын киіп, әдепсіз би билеген блогер жауапқа тартылды