Оралда көпқабатты үйден 14 адам эвакуацияланды

Бүгін, 08:53
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Оралда көпқабатты үйден 14 адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ

Бүгін таңертең Орал қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйдің кіреберісінде өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, суық су құбырының ағаш қорабы 2 шаршы метр алаңда өртенген.

«ТЖД қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетіп, 14 адамды, оның ішінде 5 баланы, баспалдақ арқылы эвакуациялады.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Өрттің шығу себептері анықталуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада жүк көлігі өртенгенін жаздық.