Референдум-2026

Оқу-ағарту министрі Спорт күніне орай педагогтерді марапаттады

Оқу-ағарту министрі Спорт күніне орай педагогтерді марапаттады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Елордада Спорт күніне орай спорт саласының үздіктерін марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары, ұлттық құрама мүшелері, жас спортшылар, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар, педагогтер, спорт дәрігерлері, спорт ұйымдары мен федерациялардың қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға және жас спортшыларды даярлауға үлес қосып жүрген спорт бағытындағы мектеп-интернаттар мен колледждердің педагогтері мен қызметкерлерін марапаттады.

Салтанатты рәсімде Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлнәз Көбенова да сала үздіктеріне марапаттар табыстады.

Жұлдыз Сүлейменова марапат иелерінің балаларды спортқа баулудағы, олардың қабілетін ашудағы және болашақ чемпиондарды тәрбиелеудегі еңбегіне алғыс білдірді.