Олжас Бектенов: Жаңарған жыл жұртымыз үшін жасампаз істерге, толайым табысқа толы болсын
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің ел халқын Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Құрметті қазақстандықтар!
Баршаңызды ырыс пен ынтымақтың арқауы, ізгілік атаулының береке-бастауы – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл қазақ елі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерді қолдап, дамудың жаңа кезеңіне нық қадам басты. Жаңғырудың жарқын нышанына айналған жаңа Конституциямыз ұлттық дәстүріміз бен мәдениетімізді ұлықтап, қастерлі Тәуелсіздігімізбен бірге жасай бермек.
Ұлыстың ұлы күні бірлігі бекем халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстырып, бейбіт өмір мен еңселі елдік жолындағы арман-мұратына жеткізсін. Жаңарған жыл жұртымыз үшін жасампаз істерге, толайым табысқа толы болсын. Әз-Наурызда әр шаңырақ құт-берекеге бөленіп, ырзық-несібеге кенелсін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға баянды бақыт тілеймін!
Ұлыс оң, ақ мол болсын!», - деді Премьер-министр.
Еске сала кетсек, Премьер-министр еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматты «Парасат» орденімен марапаттады.