Мұрат Жұманбай: Астана мен үшін – тағдырымның ажырамас бөлігі
Ozgerteam қоғамдық қорының директоры Мұрат Жұманбай қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтап, елорда туралы естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Мен Астанаға 2001 жылы студент болып келдім. Саналы өмірімнің ширек ғасыры осы қалада өтті. Біз бірге өстік, өндік, бірге есейдік, бірге талай тарихи кезеңдердің куәсі болдық.
Бұл қала маған білім берді, маман ретінде қалыптастырды, өмірлік тәжірибе сыйлады. Осында үбірлі-шүбірлі, үйлі-күйлі болдым. Достар таптым, қызмет еттім, ел игілігі жолында еңбек ету бақыты бұйырды. Сондықтан Астана мен үшін – тағдырымның ажырамас бөлігі.
Кеше ғана жас қала болған елордамыз бүгінде әлемге танылған заманауи мегаполиске айналды. Оның әр көшесінде, әр ғимаратында, әрбір жаңа жобасында мыңдаған қазақстандықтың еңбегі мен арманы жатыр.
Елордамыз әрдайым өсіп-өркендей берсін!
Әр шаңыраққа құт-береке, елімізге тыныштық, халқымызға бірлік пен бақ-береке тілеймін.
Астана – біздің ортақ мақтанышымыз, ортақ болашағымыз!», - деген ақжарма тілегін арнады ол.