Мұнай-газ саласының ардагерлері жаңа Конституцияны қолдады
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған мұнай-газ саласы ардагерлерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға қатысушылар Ата заң жобасының басты қағидаттарын және олардың мемлекеттің, ұлттық экономиканың және стратегиялық салалардың дамуындағы маңыздылығын қарастырды.
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері мен ардагерлер жаңа Конституция жобасы келіп түскен ұсыныстар негізінде әзірленіп, жан-жақты талқылаудан өткенін атап өтті. Сонымен бірге заманауи сын-қатерлер мен ел дамуының ұзақ мерзімдегі басымдықтары ескерілгенін айтты.
Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайтуға, білім мен ғылымды дамытуға, сондай-ақ экономиканың инновациялық-технологиялық тұрғыда дамуына жағдай жасауға бағытталған.

Талқылау қорытындысы бойынша мұнай-газ саласының ардагерлері елде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларға қолдау білдіріп, референдумға қатысуға шақырды.
Еске сала кетсек, Швецияда Қазақстанның конституциялық реформалары таныстырылды.